Берілген тест тапсырмасы химия пәнінен "Бейорганикалық қосылыстарды сапалық анықтау" тақырыбына арналып дайындалды. Тест тапсырмалары әртүрлі типте берілді. Бір дұрыс жауапты таңдауға және бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары бар. Тест тапсырмалары бірнеше жылғы ҰБТ байқау сынақтарынан жинақталып алынды. Тест тапсырмасы ҰБТ тапсыратын оқушылар үшін тиімді болып табылады. Тест тапсырмасын орындап болғаннан соң тест жұмысына қайта оралып қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар.