Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.
4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:
Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;
Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.
Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).
Максималды балл – 30.